» » Наурыз мерекесіне арналған қойылымның сценарийі

Сценарийлер

Наурыз мерекесіне арналған қойылымның сценарийі

Наурыз мерекесіне арналған шағын қойылымның сценарийі. Мектепте, балабақшада ересектер тобымен өткізуге болады. «Ғажайып Наурыз ертегісі»
Кейіпкерлер:
1. Тазша бала
2. Толағай батыр
3. Алдар көсе
4. Жел аяқ
5. Спортикус
6. Стефани
7. Күресетін жігіт
8. Асық ойнайтын балалар
9. Жаршы
10. Бата беретін ата
11. Биші қыздар
Мерекелік музыка ойнап тұрады.
Сахна жабық.
Сахна пердесінің ортасынан музыканың ырғағымен адамның қолы шығып шапалақтайды.
Сосын бір аяқ, сосын екінші аяқ, Тазша баланың басы, денесі шығады.
Тазша бала:
Амансыңдар ма, балалар!
Әрине, сендер мені таныдыңдар. Мені бүкіл әлем таниды! мен 40 өтірік айтып бәрін жеңген Тазша баламын ғой.
Ал сендерге өтірік айтпаймын. Өйткені сендер менің достарымсыңдар ғой!
/көпшілікке ым жасап/ а мұнда немен келдің дейсіңдер ме? мен ...сендерге кешікпеу үшін есіктің алдында байлаулы тұрған шыбыныма мініп шауып келдім. Шыбыным әбден шаршаған соң,алдына шөп салып сахнаның артына байлап қойдым.
Айтпақшы, Наурыз мейрамына басқа елдерден қонақтар шақырылды деп естіп едім.
Оу мына келе жатқан Спортукс емес пе?
Сахнаның оң жақ есігіненсальто жасап Спортукс келеді.
Тазша бала:
Бәрекелді! Қош келдің! Досым! Біздер наурыздатөс қағысып амандасамыз! Қане, кел!
Қалай шаршамай жеттіңбе? Стефани қайда?
Спортикус:
Ой достым, Стефани екеуміз жақсы келе жатыр едік, кенет алдымыздан әлгі аты қалай еді ... мыстан кемпір иә иә мыстан кемпір кездесіп қалды. Содан ол маған наурыз тойына барып Алтын сақаны алып келесің, тек сосын Стефаниді жіберем деп оны байлапалып қалды. Енді не істедім?
Тазша бала:
Қорықпа, біз саған көмектесеміз. Наурыз мейрамына қош келдің, алтын сақаны ұтып алайық!
Ортада қара жорға биі басталады.
Жаршы:
Уа, жарандар, жарандар!
Бәрің бері қараңдар.
Ата менен анаң бар,
Үлкен кіші ағаң бар,
Наурыз тойы басталды
Бәрің бері қараңдар!
Кімде-кімбүгінгі наурыз мейрамында ұлттық спорт жарыстарынанжеңімпаз атанса, соған сиқырлы алтын сақа сыйға беріледі.
Жаршы:
Уа, жарандар, жарандар!
Бәрің бері қараңдар.
Мықтылар, ептілер,күштілер, ортаға шығыңдар! Арқан тартысып күшімізді сынаймыз. Қанекей, бақтарыңды сынап көріңдер!
Тарс –тарс еткен дыбыс шығады, сахнаға Толағай батыр келеді. Қолында үлкен ауыр тасы бар. Сахнаға гүрс еткізіп қояды. Тазша бала жүгіріп барып тасты қимылдатпақшы болады, ол әрекетінен ештеңе шықпайды.
Тазша бала:
Мынау тас емес тау ғой.
Толағай батыр сен күштісің сондықтан арқанның бір басын сен жалғыз өзің тартасың , ал бір басынбіз бәріміз тартамыз. Ал жігіттер не тұрыс бастайық.
Толағай батыр арқанды тартып қалғанда бәрі Толағай батырға қарай құлап түседі.
Тазша бала:
Болмайды, болмайды «Ер кезегі үшке дейін» қане балалар сендер көмектеспесеңдер Спортукс Стефаниды құтқара алмайды, келіңдер.
Залда отырған 5-6 баланы шақырып алады. Олар арқанды тартып жеңіп береді.
Оп бәрекелді балалар. Рахмет сендерге.
Жаршы:
Уа, жарандар, жарандар!
Бәрің бері қараңдар.
Ортаға күші тасыған мықтылардың мықтысын шақырамыз. Қазақша күрес! Қанекей,қазақша күрестен кім бағын сынайды?
Ортаға денелі жігіт шығады. Спортукс қазақша күрестің әдісін білмеген соң жеңіліп қалады.
Тазша бала:
Оу халайық біздің қонағымыз Спортукс қазақша күрестің айла тәсілдерін білмейді.Сондықтан жеңіліп қалды. Алайда, қонағын сыйлаған халқымыздың ата дәстүрімен жеңісті Спортикуске берейік. Ол алтын сақаны ұтып алып Стефаниді құтқарып алсын.
Қол шапалақ
Автокөліктің дыбысы естіледі.
Сахнаға есегін мінген Алдар көсе келеді. Үлкен дорбасы бар. Өзінің өлеңін айтып кіреді.
Алдар көсе:
Мен Алдармын, Алдармын
Сақалымды талдармын
Лексусыма мініп ап
Наурыз мейрамына барамын
Қулығыммен барлығын асықтан жеңіп аламын
Тазша бала:
Оу, Ассалаумағалейкум Алдар Көсе !
Алдар көсе:
Алейкумсалам, Тазша бала! (төс қағысып амандасады) Сен білмейді екенсің ғой,мені әлемде әлі ешкім асық ойнаудан жеңген емес. Қане балалар асықтарыңды тігіңдер мен есегімді байлап келейін.
Балалар асықтарын тігеді.
Алдар көсе дорбасынан үлкен асық алып асықтардың жанына тарс еткізіп қояды. Дорбасынан екінші асықты алып шығып тігулі тұрған асықтарға қарай шертіп жібереді.
Алдар көсе:
Ұттым, ұттым, айттым ғой мені әлі ешкім жеңген емес.
Тазша бала:
Алдеке, мынау пілдің асығы ма? Мұнымен ойнауға болмайды ғой. Айтыңдаршы балалар!
Аладар көсе:
Неге жарамайды. Мен жеңдім ал сендер жеңілдіңдер. Жеңіліп қалған соң, осылай деп тұрсыңдар ғой.
Тазша бала:
Дауды қойып, мен сізге Америкадан келген қонағымызды таныстырғым келеді. Оның аты Спортукс! Ал онымен бірге келе жатқан Стефани деген қонағымызды мыстан кемпір ұстап алып қалыпты.
Алдар көсе:
Қап, сол-ақ үнемі килігіп жүреді. Енді ол қонақ қызымызды босатып әкелмейміз бе?
Тазша бала:
Алдар Көсе, тек ол үшін, бізге барлық ойындардан жеңіп, алтын сақаны ұтып алуымыз керек.
Алдар Көсе: Жарайды. Онда мен жеңісімді қонағымызға сыйлайын. Ол алтын сақаны алсын!
Жаршы
Уа, жарандар, жарандар!
Бәрің бері қараңдар.
Көпшіліктің келісімімен Стефани атты қонақ қызымызды құтқарып алу үшін, Спортукске Алтын сақа берілсін.
Тазша бала.
Үрейлі музыка ойналады. Сахнаға артына қарайлап мыстан кемпір келеді. Сахнада тұрған бір талдың артына тығылады.Балаларға қарап сендер айтпаңдар деп сұқ саусағын көрсетіп қорқытады.
СахнағаТолағай батыр, Алдар көсе, Тазша бала, Спортикус, Стефани шығады.
Тазша бала:
Жаңағы мыстан кемпір қайда қашып кетті?
Желдің дауысы естіледі. Балалардың арасымен жүгіріп жүріп сахнаға Жел аяқ шығады. Ары - бері жүгіріп жүріп мыстан кемпір тығылып отырған талдан ұстап тоқтайды.
Жел аяқ:
Түх зорға тоқтадым ғой. Осы жерде наурыз мейрамы өтеді деп еді, мен қанша жылдам жүгірсем де кешігіп қалғанмын ба? Өй мына талдың астындатығылып отырған кім?.
Талдың артынанМыстан кемпір шығады. Тазша бала, Спортикус,Стефани т.б. барлығы Мыстанға жақындайды.
Бәрі мыстанды сахнада әрі-бері қуады:
Ә ұсталдың ба бәлем!
Қазір сазайыңды береміз!
Бәрі қоршап алады, сол кездемыстан алмалсыз:
Айналайындар! Кешіріңдер мені, мен енді ешқашан ешкімге зиян келтірмеймін. Жеті қабат жер астындағы өз үйімде тыныш өмір сүремін.
Тазша бала:
Ә солай ма? Қалай балалар кешіреміз бе? Қане естімей тұрмын?. Ә бәрекелді. Иә мыстан кемпірді кешірейік, наурызда араздасуға болмайды. Қайта бір-бірімізден кешірім сұрап, ескі өкпе-реніштерімізді ұмытуымыз керек.
Наурыз келді ал тойлаңдар, жарандар,
Келген мына мерекеге қараңдар.
Шашу шашып ақ жаулықты әжелер,
Тойда бүгін ойнап-күліп тараңдар!
Ақсақалдың дауысы наурыз бата оқиды.
Әумин!
– бата берейін,
Жақсылықты терейін.
наурызда,жараңдар
Үстем болсын мерейің!
Жақсылыққа бас болып,
Ауылымызда
ас болып,
Келген Наурыз құт болсын!
Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын!
Аумин!
Тазша бала сахнада:
Осымен «Ғажайып Наурыз ертегісі» аяқталды. Бұл- Спортикус пен Стефанидің өміріндегі ерекше мереке болды.
Кейіпкерлердің барлығыНаурыз әнін айтады, биші қыздар шашу шашады. Соңында залда отырған балалармен викториналық ойындар ойнатылып, барлығына сыйлық таратады.скачать dle 12.0
Тегтер

Ұқсас материалдар

Ұстаздар

Яндекс.Метрика