» » Тоғжан Нүсіпбек: "Қандай кітап оқыған дұрыс?.."

Жаңалықтар

Тоғжан Нүсіпбек: "Қандай кітап оқыған дұрыс?.."

Ақын, журналист Айнұр Төлеу мен  жас тілші Тоғжан Нүсіпбектің сұхбаты
Жақында Алматы қаласындағы С.Бегалин атындағы балалар кітапханасында біздің «BALAMEDIA» шығармашылық орталығыныңбалалары ақын, журналист, мифтанушы,сыншыАйнұр Төлеу апаймен кездестік. Кездесудің мақсаты қазіргі таңдажасөспірімдерге қандай авторлардыңкітаптарыноқыған дұрыс деген сауалға жауап беру болатын. Біз тосылмастан Айнұр апайға сұрақтарымызды жаудырдық.
Тоғжан:
-Айнұр апай, «қазіргі балалар кітап оқымайды» деген пікірмен келісесіз бе?
Айнұр Төлеу:
-Келісемін және бұл балалардың кітап оқығысы келмегендігінен емес, оқитын қызықты кітаптардың болмауынан деп есептеймін. Мен өзім баламмен күн сайын кітап оқимын. Аударма кітаптарды оқысаңыз бала түгілі үлкен адам түсінбейді. Менің ойымша, қазіргі кітаптарға қарағанда, Кеңес үкіметі тұсында жазылған кітаптар сауатты, әрі қызықты жазылған. Бүгінгі балалардың біразы қалада тұрады. Ауыл туралы білген пайдалы, әйтсе де, оларға қаланыңөмірімен байланысты ертегі, әңгімелер болса нұр үстіне нұр еді. Бұл олардың кітап оқуға деген құштарлығын арттыра түсер еді.Кез келген баланы кітап оқуға қызықтыруға болады, ол үшін қызықты кітап болуы керек.
Тоғжан:
-Менің құрбыларымның көбі орысша әдебиет оқиды, бұған қалай қарайсыз?
Айнұр Төлеу:
-Балалардың орыс тілінде кітап оқуына қарсымын,өйткені он екі жасқа дейін балалардыңтіл байлығы, ойлау жүйесі, қазақы болмысы қалыптасады. Осы кезде өзге тілде әдебиет оқу өз тілімізге деген қастандықпен бірдей. Тіпті аударма кітаптың өзі баланың болмысын өзгертуге әсер етеді. Сондықтан балаларымыз халық ертегілерін оқып, батырлар жырын жаттап, аңыздар мен мифтерге қанығып алған соң, аудармаларға көшуіне болады. Өзге елдердің ертегілерін оқу да пайдалы. Сондай-ақ кітаптарды шығарған кезде сыртына қай жасқа арналғаны туралы ақпарат жазулы тұрса, әйтпесе бала өзінің жасына сай емес кітапты оқып уақытын босқа өткізеді, кітапқа деген құштарлығы қайтып қалады.
Тоғжан:
-Бізге қандай авторларды оқыңдар деп ұсынар едіңіз?
Айнұр Төлеу:
-Олар көп емес, әйтсе де бар. Мысалы: Марат Қабанбай, Бердібек Соқпақбаев, Қастек Баянбаев,Мақсат Мәліков, Сайын Мұратбеков,Серікбол Хасан деген авторлардың кітаптарын оқып көріңдер, өкінішке орай, бұл тізім тым қысқа. Егер жақсы кітап тапсам, өздеріңмен міндетті түрде бөлісемін. Сендермен кездесіп мен де ерекше шығармашылық шабыт алдым, көп рахмет, балалар.
Тоғжан:
-Сізге де көп рахмет!     
скачать dle 12.0
Тегтер

Ұқсас материалдар

Ұстаздар

Яндекс.Метрика